Қалқабаева Сәлима Әбдіраманқызы, 1961 жылы 25 қарашада Түркістан облысы Төлеби ауданы Тасарық ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1985 жылы бітірді. 1990 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасына қазақ әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы бітірді. 2005-2007 жж. әдеби шығармашылық және аударма кафедрасының докторанты болды. 1995 жылы «Ә.Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2005 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды. 1995-1997 жж ҚР БжҒМ жанындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әдебиет теориясы бөлімінде қызмет етті. 1998 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде доцент болып жұмыс істейді. «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» сияқты негізгі пәндерден, докторантура, магистратура, бакалавриатқа арналған арнайы курстардан дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізеді. Оқытуды ғылыммен ұштастыра отырып, С.Ә. Қалқабаева көптеген ғылыми еңбектер, оқу құралы мен оқу- әдістемелік еңбектерді жариялады. «Ә.Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер» («Қазығұрт» баспасы, 2OO4), "Көркем шығарма поэтикасы" («Қазақ университеті»,2019, 2021) атты екі монографиясы, «Әдебиеттанудың теориялық мәселелері» («Қазығұрт», 2O21), "Әдебиеттану негіздері" («Қазақ университеті»,2022)атты оқу құралы, «Әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша тест жинағы» («Қазақ университеті», 2016), бірнеше оқу-әдістемелік құралы бар. Атап айтсақ, «Қазақ тілінде ресми-іс қағаздар үлгілерін оқыту» («Қазақ университеті»,1999), «Қазақша-жапонша тілдескіш» («Қазақ университеті»,2OO2), «Қазақ тілі сабақтары» («Қазақ университеті», 2OO3) т.б. 80-нен астам ғылыми-әдістемелік мақалалары халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік конференциялар материалдарында, ғылыми жинақтарда жарияланды. С.Ә.Қалқабаеваның зерттеулерінде әдеби процестің сан алуан аспектілері, көркем шығарманың поэтикасы, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі қарастырылады. С.Ә.Қалқабаеваның ғылыми жұмыстарының жетекші тақырыптары көркем шығарма поэтикасы, Ә.Нұршайықов прозасының поэтикасы, әдебиеттегі шығармашыл тұлғалар, көркем әдебиеттегі деректілік т.б. мәселелер болып келеді. С.Ә.Қалқабаеваның ғылыми еңбектері, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқу үрдерісінде қолданылады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1985 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
27.04.1995 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
15.10.2005 |
2) «Әдеби жүздесу. Исраил Сапарбай». Оқу- тәрбиелік әдістеме құралы. – Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2016. -52 б.
Ой сана 2019 - г. ISBN 978-601-80245-6-6 52 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Әдебиеттану пәні бойынша тест жинағы. - Алматы: "Қазақ университеті", 2019 -90 б.
" Қазақ университеті " 2019 - г. ISBN 978-601-04-2441 90 - стр. ҚАЗАҚСТАН
"6М021400 - Әдебиеттану" мамандығы бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламалары. - Алматы: Қазақ университеті, 2017
" Қазақ университеті " 2017 - г. 71 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Көркем шығарма поэтикасы
" Қазақ университеті " 2019 - г. ISBN 978-601-04-4367-9 234 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Көркем шығарма поэтикасы
" Қазақ университеті " 2021 - г. ISBN 978-601-04-5658-7 257 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Әдебиеттанудың теориялық мәселелері
– Алматы: «Қазығұрт» 2021 - г. ISBN 987-9965-22-631-1 288 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Әдебиеттану негіздері
" Қазақ университеті " 2022 - г. ISBN 978-601-04-5723-2 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Антология. І том. Филология факультетінің түлектері: ақындар мен жазушылар
" Қазақ университеті " 2024 - г. ISBN 978-601-04-6559-6 228 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Антология. 2 том. Филология факультетінің түлектері: ақындар мен жазушылар
" Қазақ университеті " 2024 - г. ISBN 978-601-04-6559-6 228 - стр. ҚАЗАҚСТАН
2
құжаттар
2